Ресейдің Орталық сайлау комиссиясы Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысын жариялап жатыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Мемлекеттік Думаның тоғызыншы шақырылым депутаттарын сайлау және онымен қатар өткен басқа да сайлаулар 18–20 қыркүйек аралығында өтті.
Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин Мемлекеттік Дума сайлауын елдегі ең маңызды ішкі саяси оқиға деп атаған.
Дума сайлауы бойынша хаттамалардың 75%-ы өңделгеннен кейінгі алдын ала қорытынды жарияланды.
