Ресейдің «Пересвет» әскери-тарихи клубының өкілдері 1907 жылы туған Мельник Михаил Анисимовичтің туыстарын іздеу үшін Павлодар «Майдан жолы» отрядына жүгінді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Каменец-Подольск облысы (қазіргі Хмельницкая облысы, Украина), Солобковец ауданының Малиевцы ауылының тумасы 1943 жылы соғысқа шақырылған кезде Қостанай қаласында тұрған. Жауынгердің марапатын 90-шы жылдардың басында Бішкек тұрғыны көшеде тауып алған.

Медальді иесі немесе оның отбасы жоғалтқан болуы мүмкін. Әйел медальді сақтап қалған, кейін басқа қалаға көшкенде «Пересветтен» іздеушілеріне батырдың ерлігін ескеріп, атын қайтару мақсатында туыстарына табу үшін жүгінген.

Ақпаратты «Майдан жолы» іздеу жасағының командирі Александр Шитовқа жіберуге болады (+7 777 461 73 78, [email protected]).