Британдық The Telegraph басылымы Ресейдің Иранға халықаралық санкцияларды айналып өтіп, миллиардтаған долларды қолма-қол жеткізіп отырғаны туралы ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Qazaqyia ақпарат агенттігі.

Басылымның мәліметінше, бұл жасырын операциялар Тегеранға қарсы шектеулер енгізілгеннен кейін басталған. Алғашқы ақша аударымы 2018 жылдың 13 тамызында ресейлік «Промсвязьбанк» арқылы жасалған. Сол кезде Иранға номиналы €500 болатын банкноттармен 57,3 млн доллар жөнелтілген.

Сарапшылар бұл қаражаттың әскери қажеттіліктерді, соның ішінде дрон мен зымырандарды сатып алуды қаржыландыруға, сондай-ақ Ислам революциясы сақшылары корпусын (ИРСК) қолдауға жұмсалғанын болжайды.

«Мақалада бұл операциялар Мәскеу мен Тегеран арасындағы байланыстың бұрынғы болжамнан әлдеқайда тығыз екенін дәлелдейтіні атап өтілген. Сонымен қатар екі елдің санкцияларды айналып өту үшін стандартты емес қаржы арналарын пайдаланғаны анықталған.»

Фото: Әлеуметтік желіден