Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкин Астанадағы РФ Мемлекеттік думасына сайлауда дауыс берді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Сайлау Қазақстандағы учаскелерде штаттық түрде өтуде, деп атап өтті елші.
«Дауыс беру белсенді жүріп жатыр, адамдар өз дауыстарын беріп, азаматтық борышын орындайды. Біздің қазақстандық достарымыз, серіктестеріміз сайлау учаскелерінің сыртқы периметрінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және осының бәрін дұрыс ұйымдастыру үшін барлық қажетті жұмыстарды атқарғанын атап өту маңызды», - деп есептейді ол.
Ресейдің Алматыдағы Бас консулы Дмитрий Тураевтың айтуынша, оңтүстік астанада дауыс беру екі учаскеде өтеді - №8133 және №8134.
