Қазақстанда Ресей Федерациясының Мемлекеттік думасына дауыс берудің соңғы күні Ресей азаматтары үшін елде 8 сайлау учаскесі ашылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Дауыс беру Астана, Алматы, Орал, Өскемен және Приозерск қалаларында өтіп жатыр. Учаскелер 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

Дауыс беру үшін Ресей Федерациясының қолданыстағы ішкі немесе шетелдік төлқұжаты болуы керек.

РФ Мемлекеттік Думасына сайлауда алғашқылардың бірі болып елордадағы учаскеде Астана және Қазақстан митрополиті Александр дауыс берді.