Кремль өкілі Дмитрий Песков Ресейдің Сібірдегі оба зерттеу орталығында зертхана қызметкері қайтыс болғаннан кейін халықты «түрлі қауесеттерге құлақ аспауға» шақырды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Песков адамдарды тек Ресейдің қоғамдық денсаулық сақтау жөніндегі қадағалау органының ақпаратына сүйенуге шақырды. Бұл ведомство зертхана қызметкерінің өлімінің ресми себебін «белгісіз пневмония» деп атады.
BBC-нің Ресей редакторы Стив Розенберг сондай-ақ Песковтен АҚШ президенті Дональд Трамптың Ресейге қолдау көрсету туралы ұсынысы жөнінде сұрады.
Бұл оқиға туралы толығырақ: Ресейде оба зерттеушісі қайтыс болғаннан кейін АҚШ «мұқият бақылап отыр».
