Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Конституцияға өзгерістер енгізу жөніндегі референдумды өткізуге қаржы қайдан алынатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaqyia ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, әзірге Қаржы министрлігіне Орталық сайлау комиссиясынан бұл мақсатқа ақша бөлу туралы ресми сұраныс келмеген.

««Біз Орталық сайлау комиссиясымен хабарластық. Олар тиісті есептеулерді жүргізіп, бізге сұраныс жібереді. Референдумға қажетті ақша үкіметтің резервінен алынады», — деді Темірбеков.»

Алайда вице-министр бөлінетін қаражаттың нақты көлемін атамады.

Фото: Әлеуметтік желіден