Шығыс Қазақстан облысындағы басты курорттардың бірі «Рахмановские ключиге» апаратын жол учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Курорттық аймаққа енді тек кешкі сағат алтыдан таңғы алтыға дейінгі «уақытша терезеде» жетуге болады. Осыған байланысты туристер курортқа кірер жолда кезекте тұруға мәжбүр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

ШҚО-да 8 маусымнан бастап республикалық маңызы бар Өскемен — Алтай — Үлкен Нарын — Катонқарағай — Рахмановские ключи трассасының 437-450 км учаскесінде орташа жөндеу жалғасуда. Жолды асфальттауға байланысты мұнда уақытша қозғалыс шектеуі енгізілді — таңғы алтыдан кешкі алтыға дейін. Бұл шектеу негізгі жұмыстар аяқталғанша жалғасады.

Енгізілген шектеулер туристердің «Рахмановские ключиге» өтуіне кедергі келтіруде. Олар ұзын кезектерге тұрып, курорттық аймаққа жету немесе одан шығу үшін «уақытша терезені» күтуге мәжбүр. Бұл шиеленіс жиі жолда жанжалдар мен ұрыс-керіске ұласады.

Сонымен қатар, жергілікті «Устинка LIVE» басылымының хабарлауынша, шілде айының басынан бастап трассаның осы учаскесінде екі жол-көлік оқиғасы болған. Бір жағдайда Lexus көлігінің 46 жастағы жүргізушісі Катонқарағай ауылына қарай өте жылдам қозғалып, басқаруды жоғалтып, көлігін аударып алған. Алайда ЖКО-да ешкім зардап шеккен жоқ.

Бұған дейін «Курсив» бизнесмен Балушкиннің бұрынғы курорты «Рахмановские ключи» тағы да иесін ауыстырғанын жазған болатын.