Қызылордадағы "Kyzylorda refinery" ЖШС мұнай өңдейтін зауытында өрт шықты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт 200 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт кезінде екі бос резервуар және сорғы станциясы жанған.
Департаменттегілердің айтуынша, бірінші бөлімше оқиға орнына сағат 16:30-да жеткен. Өрт салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
