Қызылордадағы құрылыс материалдары дүкенінде болған ірі өрт кезінде Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері жарылыстың алдын алды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

ТЖМ қызметкерлері Қызылордадағы құрылыс материалдары дүкенін, жеке тұрғын үйді және металл контейнерді шарпыған ірі өртті жойды. Өрт туралы хабарлама 112 пультіне түскен. Өрт Қызылжарма шағын ауданындағы Есахаев көшесінде болған.

Оқиға орнына алғаш жеткен өрт сөндіру бөлімшелері оттың бірнеше нысанға таралғанын анықтады. «Өртті сөндіру барысында ТЖМ қызметкерлері жану аймағынан газ баллонын алып шықты. Бұл ықтимал жарылыстың және одан да ауыр зардаптардың алдын алуға мүмкіндік берді», — деп хабарлады Қазақстан ТЖМ.

Өрт толығымен сөндірілді. Құтқарушылардың мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. ТЖМ қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында ауыр зардаптардың алды алынды. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.