Қызылордада қоғамдық көлік мәселесі түбегейлі шешілді деп хабарлайды qazaqyia.kz/.

«Қазақстан Темір Жолы» компаниясының, жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен 600 млн теңгеге жуық қаржыға теміржол вокзалы күрделі жөндеуден өтті.

«— Облыс орталығындағы жолаушылар тасымалдау қызметін жақсарту мақсатында 300 жаңа автобус алынып, қоғамдық көлік мәселесі толығымен шешімін тапты, — деді аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев брифинг барысында.»

Сондай-ақ, Қызылорда қаласында заманауи үлгідегі автовокзал ғимараты пайдалануға берілді. Жаңа автовокзалда 38 автобус маршруты ұйымдастырылған. Оның 1-еуі халықаралық, 7-еуі облысаралық, 30-ы ауданаралық бағытта. Сонымен бірге облыс әкімі экотакси қызметін құру бойынша алынған 100 электромобильдің барлығы тұрғындарға қызмет көрсетіп жатқанын атап өтті.