Қызылордада 20 жастағы жігіттің өлімінен кейін 3 адам ұсталды, деп хабарлайды полиция. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Марқұмның әпкесінің айтуынша, қайғылы оқиға 8 қазанда дәмхана жанында болған. Інісіне шамамен 12 адам жабылып, соққыға жыққан және жүрек тұсына үш рет пышақ салған.

Туыстары кінәлілердің бәрі жауапқа тартылып, істің әділ өтуін талап етіп отыр.

«Үш күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — дейді полициядағылар.

Қазіргі уақытта оқиға орнындағы бейнежазбалар зерттеліп жатыр. Жанжалға қатысы бар өзге де адамдардың әрекеті тексеріледі, делінген хабарламада.