Қызылорда облысындағы жол апатында Өзбекстанның үш азаматы қаза тапты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, апат 22 тамызда сағат 06:47-де «Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент» тас жолының 1831–1836 шақырымында, Бірқазан ауылы маңында болған. Nexia-2 көлігі мен КамАЗ жүк көлігі соқтығысқан.
Nexia-2 салонында болған Өзбекстанның үш азаматы оқиға орнында қаза тапты. КамАЗ жүргізушісінің жағдайы туралы хабарланбады.
«Қазіргі уақытта Төтенше жағдайлар министрлігінің жауапты қызметкерлері қазақстандық әріптестерімен тұрақты байланыста және болған жол-көлік оқиғасының себептерін анықтау бойынша бірлесіп жұмыс істеуде», — деп мәлімдеді МЧС.
Өзбекстан МЧС-і жауапты ведомстволармен бірлесіп жұмыс тобын құрғанын хабарлады. Топ қаза тапқандардың денелерін отанына жеткізуді ұйымдастырумен және олардың туыстарына қажетті көмек көрсетумен айналысады.
Бұған дейін «Курсив» Алматы облысындағы «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ филиалының қызметкері қатысқан жол апаты туралы жазған болатын. Сонда Kia Sorento көлігі белгіленбеген жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан 77 жастағы әйелді қағып кеткен. Алған жарақаттары салдарынан ол қайтыс болды.
