Қызылорда облысының Қарабұтақ – Шымкент – Қызылорда тас жолында жол апатынан үш адам көз жұмды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 22 тамызда сағат 7 шамасында болған. «КамАЗ» мен «Nexia» маркалы екі автокөлік соқтығысқан. Қызылорда облысының полиция департаментінің мәліметінше, қазір тексеру жүріп жатыр.
Тергеу барысын полиция департаменті бақылауға алды. Әлеуметтік желіде қаза болғандардың Өзбекстан азаматтары екені айтылып жатыр.
