Қызылорда облысында жоғалып кеткен 6 жастағы балақай әлі табылмады. Іздестіру жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Полиция мәліметінше, 6 жастағы Медина 5 маусым күні кешкі уақытта үйінен ойнауға шығып кетіп, қайта оралмаған. Іздеу жұмыстары арнайы із кесуші иттердің, дрондардың және сүңгуірлердің көмегімен жүріп жатыр. Оқиға облыстық полиция департаменті бастығының жеке бақылауында.
