Қызылорда облысы Арал қаласында ұлын пышақтап өлтірген ер адамға сот үкімі шықты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға биыл шілде айында болған. Үйдегі жанжал кезінде ашуға булыққан ер адам 42 жастағы баласына бірнеше рет пышақ салған.
Қылмыстық іс Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды. Ер адамға Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі ("Адам өлтіру") бойынша айып тағылды.
"Сот үкімімен сотталушы сегіз жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді", – деп хабарлады сот.
Үкім әзірге заңды күшіне енбеген.
