Қызылорда облысы Қазалы аудандық сотының төрағасы мен судьяға қатысты сот үкімі шығарылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі мәлімдегендей, 18 қыркүйекте Қызылорда облысы Қазалы аудандық сотының төрағасы Д. Бертайға қатысты сот үкімі шығарылып, оларға 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.
Олар ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігінің 2-тармағында және 366-бабы 3-бөлігінің 2, 4-тармақтарында көзделген сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
Атап айтсақ, биылғы жылдың қаңтарында бұларды ірі мөлшерде пара алу дерегі бойынша ҰҚК ұстаған болатын.
