Фото: видео скриншот

Астанада 32 жастағы үш баланың анасы қызғаныштан ұйықтап жатқан жігітіне ауыр жарақат салып, ер адам жедел түрде ауруханаға жеткізілгені туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды qazaqyia.kz/ ақпарат агенттігі.

Оқиға жайлы уролог Жалғас Игембай әлеуметтік желідегі парақшасында жазған. Дәрігердің айтуынша, 34 жастағы ер адам ес-түссіз күйде ауыр халде ауруханаға түскен. Әйелдің сөзіне қарағанда, жедел жәрдемді өзі шақырған.

Кейінірек әйел жігітінің опасыздық жасағанын біліп қалып, оған ұйықтататын дәрі бергені анықталған. Ер адам ес-түссіз жатқан кезде әйел сүйіктісіне пышақпен зақым келтірген. Науқас ауруханаға тым кеш жеткізілгендіктен, ағзаны қайта қалпына келтіру мүмкін болмағаны айтылды.

«“Өмірін аман алып қала алды, ал еркектің болашағын – жоқ. Бұл сериал емес, шын оқиға. Тек баяғыда болған”, – деп жазды Жалғас Игембай.»