Қытайдың оңтүстігінде «Хунся» тайфуны салдарынан 700 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Желдің жылдамдығы секундына 45 метрге дейін жетті. Қатты желдің салдарынан ағаштар құлап, түрлі құрылыс нысандары мен инфрақұрылым бүлінді. Зардап шеккендер бар.

Гуандун, Цзянси және Хунань провинцияларында ұзақ уақыт нөсер жаңбыр жауады деп болжанып отыр. Кейбір елді мекендердің көшелерін су басқан.