BBC News тілшісі Лаура Бикер Ішкі Моңғолиядағы Қытайдың жасанды интеллект саласындағы әлемдік көшбасшылыққа ұмтылысы аясында салынып жатқан ондаған деректер орталығын көрсетті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы BBC News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бикер деректер орталықтары индустриясына қатысты Қытай мен АҚШ халықтарының көзқарастарының айырмашылығын түсіндірді. Бұл материал осы аптаның соңында Вашингтонда өтетін Си Цзиньпин мен Дональд Трамптың кездесуі қарсаңында жарияланды.

Бейнежазбада Қытайдың жасанды интеллект саласындағы әлемдік көшбасшылыққа ұмтылысы және осы мақсатқа жету жолындағы деректер орталықтарының рөлі көрсетілген.