Қытайдың оңтүстік-шығысындағы Цзянси провинциясында тайфун «Саудель» әкелген нөсер жаңбырдан көшкін жүріп, бір адам қаза тауып, тағы 11 адам хабарсыз кетті. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Суббота күні таңғы сағат төрт шамасында Суйчуань ауданының Гаопин қалашығында табиғи апат болып, 12 тұрғын үй зақымданды. Үйінді астында адамдар қалды.
Дауылды ауа райы көрші Фуцзянь провинциясына да әсер етті. Онда қауіпті аймақтардан 600 мыңға жуық тұрғын эвакуацияланды. Бөгеттің бұзылуы мен су тасқыны салдарынан 100-ден астам үй қирады. Оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.
Бұған дейін «Курсив» Іле-Алатауда, Үлкен Алматы көлі ауданында теңіз деңгейінен 2500 метр биіктікте тасты көшкін жүргенін хабарлаған болатын. Бұл оқиғаны бейнеге түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған туристер ашық ауа райына қарамастан таудан кенеттен тастар құлап, айналаны қалың шаң бұлты тұмшалағанын айтты.
