Қытайдың Фуцзянь провинциясындағы аяқ киім фабрикасында болған ірі өрт салдарынан кемінде 28 адам қаза тапты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Xinhua агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қытай Орталық телевидениесінің мәліметінше, өрт Цюаньчжоу қалалық округінде орын алған. Өрт туралы хабар 9 шілде күні жергілікті уақыт бойынша түске таман түскен.
Оқиға орнына 180-нен астам өрт сөндіруші мен төтенше жағдай қызметкерлері жіберілді.
Өрттің себептері әзірге аталмайды. Сондай-ақ, қирандылар астында адамдар қалған-қалмағаны туралы да хабарланбады. Трагедияның мән-жайы анықталып жатыр. Билік өрттің себептерін тергеуге кірісті.
Бұған дейін «Курсив» Қытайдағы көмір шахтасында газ жарылысынан 90 адам қаза тапқаны туралы жазған болатын.
