Бейжіңде кенелер тарататын ортонайровирустың жаңа штаммы ашылды. Зерттеу нәтижелері медициналық New England Journal of Medicine журналында жарияланды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жаңа патогенді ортонайровирус
Жаңа патогенді ортонайровирус — «азиялық ұзын мүйізді кене найровирусы» (Asian longhorned tick nairovirus — ALTNV). Жаңа вирустың РНҚ-сы 47 мыңнан астам зерттелген кененің 2 пайызынан азынан табылды.
Сарапшылардың айтуынша, ең көп таралған симптомдар — жоғары температура, әлсіздік, тұмауға ұқсас көріністер, сондай-ақ асқазан-ішек жолының жұмысының бұзылуы.
Аурудың ағымы
Тек ALTNV жұқтырған кезде пациенттер сауығып кеткені, ал инфекция өмірге тікелей қауіп төндірмейтіні анықталды. Сонымен қатар ғалымдар ALTNV мен басқа кене вирусы DBV-нің бір мезгілде жұғу жағдайларын атап өтті. Олардың айтуынша, екі инфекциясы бар пациенттерде ауру ауыр өткен.
Қазақстандағы жағдай
Бұған дейін «Курсив» Қазақстанға денге безгегі әкелінгенін жазған. 2026 жылдың басынан бері денге безгегінің жеті әкелінген жағдайы тіркелді. Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінде туристерге безгектің алдын алу және оның елге әкелінуіне жол бермеу жөніндегі ұсынымдарды еске салды.
