Қытай Украинадағы қақтығысты реттеу мәселесі бойынша Ресей және АҚШ қатысатын саммит өткізуді жоспарлап отырған жоқ. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер мәлімдеді. Ол Қытай төрағасы Си Цзиньпиннен "Қытай, АҚШ және Ресей басшылары Украина мәселесі бойынша келіссөз өткізеді" деген ақпараттың рас-өтірігін сұрағанын айтты.
"Ол Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтетін алдағы Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы ұйымының саммитін ғана атап өтті. Оның пікірінше, әзірге Украина мәселесі бойынша АҚШ, Ресей және Қытай қатысатын саммит өткізуге қажетті алғышарттар жоқ", – деді Штайнмайер Германияның Tagesschau телеарнасына берген сұхбатында.
Айта кетері, аталған экономикалық саммит Қытайдың Шэньчжэнь қаласында 18-19 қарашада өтеді.
