Қытай Ұлыбританияның British Steel компаниясын ұлттандыруына қатысты шара қолданатынын мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қытай билігі бұл қадамды халықаралық сауда ережелеріне қайшы деп санайды және өз мүдделерін қорғау үшін қажетті шараларды қабылдайтынын ескертті. British Steel компаниясы Ұлыбританиядағы ірі болат өндірушілердің бірі болып табылады.