Бейжіңде өткен World Humanoid Robot Games жарысында робот-спринтер 100 метрге жүгіруде тағы да рекорд жаңартты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Associated Press басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жарыс жеңімпазы 100 метрді 8,64 секундта жүгіріп, екінші күн қатарынан рекорд орнатты. Сәрсенбіде аяқталған бес күндік жарыста роботтар футбол, бокс және жүгіру сияқты Олимпиада стиліндегі сайыстарға қатысты.
Бұған дейін сейсенбіде робот 8,86 секунд, ал төрт күн бұрын тағы бір робот 9,39 секунд нәтиже көрсеткен еді. Салыстыру үшін, ерлер арасындағы 100 метрге әлемдік рекорд 9,58 секундты құрайды.
Жарыс барысында бір робот мәреге жеткенде қоршауға соғылып, өрт алып, оны сөндірушілер өшірді. Бұл оқиға жарыстың қызықты сәттерінің бірі болды.
World Humanoid Robot Games екінші рет өткізіліп отыр, оған 2000-нан астам гуманоид робот қатысты. Жарыс Қытайдың технологиялық даму деңгейін көрсетуге бағытталған.
