Қытай өзінің DUV (терең ультракүлгін) литографиялық жабдықтарын шығара бастады, бұл жартылай өткізгіштер саласындағы маңызды қадам болып табылады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
The Information басылымының хабарлауынша, Қытай компаниялары озық чиптерді өндіруге қажетті DUV құралдарын жасауда. Бұл әзірлеме Қытайдың шетелдік технологияларға тәуелділігін азайту және жартылай өткізгіштер саласындағы өзін-өзі қамтамасыз етуді арттыру стратегиясының бөлігі болып табылады.
