Қытай әуе компаниялары 95 Airbus ұшағына тапсырыс берді, оның тізімдік бағасы $17,8 миллиардты құрайды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Тапсырыс Қытайдың ішкі және халықаралық әуе қатынасына сұраныстың артуына байланысты флотты кеңейту мақсатында жасалды. Airbus компаниясы бұл келісімшарттың егжей-тегжейін растады, бірақ нақты жеткізу мерзімдері әзірге жарияланбады.