Италияда өтіп жатқан Қысқы Олимпиада ойындарында бүгін Қазақстан спортшылары жарыс жолына шығады. Отандастарымыз шаңғы жарысы, тау шаңғысы және фристайл-акробатикадан бақ сынайды, деп хабарлайды Qazaqyia ақпарат агенттігі.

Спортшыларымыздың қатысуымен өтетін жарыстар кестесі (Астана уақытымен):

13:45 – Шаңғы жарысы, командалық спринт. Қатысатындар: Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник, Дарья Ряжко, Әмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало, Наиль Башмаков.

14:00 – Тау шаңғысы, слалом (әйелдер). Қатысатын спортшы: Александра Скороходова.

14:00 – Фристайл-акробатика (әйелдер). Қатысатын спортшы: Аяна Жолдас.

Жарыстарды Qazsport, Qazaqstan, Jibek Joly және «Хабар» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Қазіргі уақытта медальдар есебі бойынша жалпыкомандалық есепте Норвегия құрамасы көш бастап тұр. Олардың қоржынында 31 медаль бар, оның 14-і – алтын. Екінші орында 24 медальмен (9 алтын) Италия тұрса, үздік үштікті АҚШ құрамасы (21 медаль, 6 алтын) түйіндеп тұр.

Фото: Әлеуметтік желіден