Қысқы демалыс басталды, ал ата-аналарда «балаларды қайда қыдыртсақ болады?» деген сұрақ туындайтыны заңдылық. qazaqyia.kz/ сізге демалысты қызықты өткізудің топ-5 идеясын ұсынады.

1. Тау шаңғы курорттары

Егер сіз Алматы немесе таулы аймақта тұрсаңыз, таза ауа – ең дұрыс таңдау. «Шымбұлақ», «Ой-Қарағай» немесе «Ақбұлақ» сияқты демалыс орындары тек шаңғы тебу емес, жай ғана шанамен сырғанауға да таптырмас орын.

2. Жабық аквапарктер

Сыртта аяз болып тұрғанда, жазды сағынсаңыз – аквапаркке барыңыз. Бұл балалар үшін нағыз мереке. Суға шомылу иммунитетті көтеріп, көңіл-күйді жақсартады.

3. Мұражайлар мен театрлар

Демалыс – рухани баюдың уақыты. Қазір қуыршақ театрларында жаңажылдық қойылымдар өтіп жатыр. Ал Ұлттық мұражайға бару баланың тарихқа деген қызығушылығын оятады.

4. Отбасылық киносеанс

Кинотеатрларда қазір «Муфаса: Арыстан патша» және басқа да жаңа мультфильмдер көрсетілуде. Үлкен экран, попкорн және отбасылық атмосфера – есте қалатын сәттердің бірі.

Қай жерге барсаңыз да, бастысы – балалармен бірге уақыт өткізу. Балалық шақтың қызықты сәттері осындай шағын саяхаттардан құралады.