Қырымда Ұлы Отан соғысы жылдарында неміс дәрігерлерінің кеңес азаматтары мен әскери тұтқындарды өлтіргені туралы құжаттардың құпиясы ашылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл ақпаратты Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі жариялады. "Құжатта неміс медицина қызметкерлерінің кеңес азаматтары мен әскери тұтқындарды өлтіруі сияқты көпшілікке беймәлім оқиғалар туралы мәліметтер бар", — делінген хабарламада.

Атап айтқанда, құпиясы ашылған құжатта Германияның 11-армиясының бұрынғы медицина капитаны Эбергард Мюллер туралы айтылған. Ол Қырымды басып алу кезінде кеңес әскери тұтқындарына морфин мен сутегі тотығы қоспасын егу арқылы оларды өлтірген.

"Мюллердің айтуынша, ол 1942 жылы небәрі алты апта ішінде осы әдіспен шамамен мың әскери тұтқынды өлтірген. 1948 жылы ол әскери трибуналдың шешімімен сотталған", — делінген хабарламада.