Қазақстанда биыл қыркүйекте 106 сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы тіркелді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Тіркелген қылмыстардың басым бөлігі пара алу және беру, ұрлық, алаяқтық, заңсыз әрекеттер мен қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдалану фактілеріне қатысты.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, қылмыстық істер бойынша 93 адам күдікті деп танылды. 81 қылмыстық істі тергеу аяқталып, оның 78-і сотқа жіберілді.

Аяқталған қылмыстық істер бойынша келтірілген залал көлемі 3,7 млрд теңгені құрады.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды күшейту жөнінде Ақорда тарапынан да хабарланған болатын.