Қыркүйектің алғашқы онкүндігінде күн райы ашық, тіпті ыстық болады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қыркүйекте Қазақстанның барлық аумағында ауаның орташа айлық температурасы тамыз айымен салыстырғанда біртіндеп 5-7°С-қа төмендейді.

Айдың басында елдің батысы мен оңтүстігінде күн райы ыстық болады. Ал солтүстік, орталық және шығыс облыстарда күзге тән салқын ауа райы орнап, жауын-шашын түседі.

Алайда бірінші онкүндіктің ортасынан бастап республиканың басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы қалыптасып, температуралық фон айтарлықтай жоғарылайды:

  • 01республиканың батысында, солтүстік-батысында және оңтүстік-батысында болжам бойынша ауа температурасы күндіз +25+35°С-қа дейін жоғарылайды;
  • 02республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында (Қостанай облысында), орталығында және шығысында түнде температура 0,+8°С-тан +8+15°С-қа дейін, күндіз +10+18°С-тан +22+30°С-қа дейін;
  • 03елдің оңтүстігінде температура түнде +13+20°С, күндіз +25+35°С болады.

Оңтүстік-шығыста түнде +10+18°С аралығында, күндіз +20+28°С-тан +25+33°С-қа дейін жоғарылайды.

Бірінші онкүндіктің екінші жартысында батыс және солтүстік-батыс өңірлерге, одан кейін республиканың қалған аумағында ауа райы құбылмалы болады. Жауын-шашын түсіп, жел күшейеді, аптап ыстықтың беті қайтады.

Қыркүйек айының екінші және үшінші онкүндіктерінде температуралық фон ауытқып, үсік жүруі мүмкін. Батыс және солтүстік-батыс өңірлерде ауа температурасы түнде 0,+5°С, күндіз +27+35°С шамасында болады. 3°С үсік жүреді.

Солтүстік-орталық және шығыста ауа температурасы түнде 0,+5°С, ал күндіз +20+30°С-тан +8+17°С-қа дейін төмендейді, үсік жүреді.

Қазақстанның оңтүстік жартысында ауа температурасы түнде +2+10°С-тан таулы аудандарда 1–6°С дейін төмендеп, үсік жүреді. Күндіз +25+33°С-тан +15+22°С-қа дейін төмендейді.

Қыркүйек айында еліміздің басым бөлігінде ауаның орташа температурасы климаттық норма шамасында болады. Бұл ретте Батыс Қазақстан облысында, Атырау және Маңғыстау облыстарының батысында ауа температурасы нормадан 1°С-қа жоғары болады деп болжанады.

Жауын-шашын мөлшері қалыпты болады. Әдеттегіден көбірек жауын-шашын еліміздің қиыр батысында, солтүстік-батысында және солтүстік-шығыс бөлігінде болжанады. Ал оңтүстік және оңтүстік-батыста жауын-шашын аз болады.