Қырғызстанда 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап бірнеше әлеуметтік төлемнің мөлшері артады. Тиісті жарлыққа президент Садыр Жапаров қол қойды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Kursiv Media басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Қырғыз Республикасының жекелеген санаттағы азаматтарының әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру жөніндегі шаралар туралы» жарлыққа сәйкес, өсім жәрдемақыларға қатысты болады.

«Сондай-ақ жекелеген санаттағы азаматтарға, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, Ауғанстандағы ұрыс қимылдарының ардагерлеріне, Чернобыль АЭС-індегі апаттың салдарларын жоюға қатысқандарға, концлагерьлердің бұрынғы кәмелетке толмаған тұтқындарына, Ленинград блокадасынан аман қалғандарға және осындай төлемдерді алатын басқа да адамдарға ай сайынғы ақшалай өтемақылардың мөлшері ұлғаяды», — деп нақтылады Қырғызстан президентінің ресми сайты.

Сонымен қатар, Жалал-Абад облысының Ақсы ауданында, сондай-ақ Баткен және Ош облыстарында болған оқиғалар салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасы мүшелеріне арналған қосымша ай сайынғы әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері 20%-ға артады.

Жарлықта көзделген төлемдерді қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Бұған дейін «Курсив» Қазақстан үкіметі 2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап мұқтаж отбасыға атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындаудан бас тартуға болатын 8 өлшемді айқындағанын жазған болатын.