Қырғызстан тарапынан Қазақстанға жанар-жағармай жеткізуге ресми өтінім түсті. Бұл туралы энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев үкіметте өткен брифингте мәлімдеді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Вице-министр Қайырхан Тұтқышбаев Қырғызстан тарапынан ресми сұраныс түскенін растады. Ол бұл мәселенің қарастырылып жатқанын атап өтті. «Ресей тарапынан бізге ешқандай ресми сұраныс түскен жоқ. Ал Қырғызстан тарапынан ресми сұраныс келіп түсті. Бірақ біздің барлық шешіміміз ұлттық мүдделерімізді ескере отырып қабылданатын болады», - деді Тұтқышбаев.
Оның айтуынша, ішкі нарықты қамтамасыз етуге қажетті жанар-жағармай қоры бар. Ал бағаның күрт өсуіне жол берілмейді.
