Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі интернеттегі іркілістің себебін түсіндірді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Жекелеген интернет ресурстарындағы уақытша іркіліске құрылыс жұмыстары кезінде магистральдық талшықты-оптикалық байланыс желісінің зақымдалуы себеп болды», - деп жазылған хабарламада.

«Қазақтелеком» АҚ ақпараты бойынша құрылыс техникасы халықаралық интернет-трафиктің негізгі бағыттарының бірін қамтамасыз ететін кабельді зақымдаған.

«Мамандар трафикті шұғыл түрде резервтік арналарға ауыстырды, бұл байланыстың толық өшіп қалмауына мүмкіндік берді», - дейді ведомство.