Орталық сайлау комиссиясы Құрылтайға өткен партиялар арасында депутаттық мандаттардың қалай бөлінетінін түсіндірді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Заң бойынша депутаттық мандаттар партиялардың сайлауда жинаған дауыстарына қарай бөлінеді. Алдын ала есеп бойынша 145 мандаттың бөлінуі мынадай:
- 01"Әділет" – 110 мандат;
- 02"Ауыл" – 10 мандат;
- 03Respublica – 9 мандат;
- 04"Ақ жол" – 8 мандат;
- 05ЖСДП – 8 мандат.
Осылайша, "Әділет" партиясы 110 мандатпен басымдыққа ие болады. Енді партиялар бес күннің ішінде партиялық тізімнен өз депутаттарын таңдайды. Әйелдер мен жастардың саны ескерілуі шарт.
