Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Сайлаудың алдын ала нәтижесі бойынша дауыстар келесідей бөлінді:
- 01«Әділет» партиясы – 71,17%
- 02«ЖСДП» партиясы – 5,11%
- 03«Байтақ» жасылдар партиясы – 1,07%
- 04Қазақстан Халық партиясы – 3,11%
- 05«Ауыл» партиясы – 6,26%
- 06«Ақ жол» партиясы – 5,21%
- 07«Respublica» партиясы – 5,56%
- 08«Бәріне қарсымын» – 2,51%
Осылайша, жаңа Құрылтайға 5 партия өтіп отыр. 5% шекті бағындырған партиялар – «Әділет», «ЖСДП», «Ауыл», «Ақ жол» және «Respublica» партиясы.
Жалпы, 7 партиядан 545 кандидат ұсынылған еді. Құрылтайда 145 депутаттық мандат болады. Әрбір партия жинаған дауыстың көлеміне қарай депутаттық орынды алады.
