Құрылтайға жаңадан келген депутат Гүлнәр Тойлыбаева ант берді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Тойлыбаева өз өтініші бойынша Құрылтайдан кеткен Татьяна Савельеваның орнына келіп отыр. «Әділет» партиясының жаңа депутаты қаржы және бюджет комитетінің құрамында жұмыс істейді.
Айта кетері, Савельева президент жарлығымен қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалған болатын. Экс-депутат министрліктің бюджетіне жауап береді.
