Қазақстан Республикасы Құрылтайының quryltai.kz ресми сайты іске қосылды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Сайтта Құрылтай мен оның депутаттарының қызметі туралы өзекті ақпарат, заң жобаларының мәтіндері, анонстар мен талдамалық материалдар жарияланады.
Сондай-ақ сайтта отырыстардың онлайн-трансляциялары, фото және бейнематериалдар қолжетімді болады.
