Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың бірінші сессиясын ашты. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Сессияға әрбір партиядан сайланған 145 депутат пен үкімет мүшелері қатысып отыр.

Тоқаев өз сөзінде алдымен Құрылтайдың тарихи миссиясына тоқталды. «Құрылтайда мемлекеттік маңызы бар мәселелер кеңінен талқыланып, ортақ шешімдер қабылданған. Бұл институттың жаңа кезеңде жөні бөлек болары анық. Себебі Құрылтай билік жүйесін түбегейлі жаңғыртады, бүкіл мемлекеттік аппараттың жұмысына тың серпін береді», - деді Тоқаев.

Айта кетері, Құрылтай депутаттары бірінші сессияға өз ғимаратында емес, бұрынғы парламенттің үкіметтегі бірлескен отырыс залында жиналды. Қазіргі кезде ол залдың маңдайшасында «Қазақстан Республикасы Құрылтайының отырыс залы» деп жазылған.