Қазақстан Президенті «Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясын шақыру туралы» жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жарлықта: «Бірінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші сессиясы 2026 жылғы 28 тамызда сағат 11-де Астана қаласында шақырылсын», — деп жазылған.

Осылайша, жұмаға дейін 145 депутаттың есімі белгілі болады. Заң бойынша депутаттық мандаттар партиялардың сайлауда жинаған дауыстарына қарай бөлінеді.

Алдын ала есеп бойынша 145 мандаттың бөлінуі мынадай:

  • 01«Әділет» – 110 мандат;
  • 02«Ауыл» – 10 мандат;
  • 03Respublica – 9 мандат;
  • 04«Ақ жол» – 8 мандат;
  • 05ЖСДП – 8 мандат.

Еске сала кетейік, кеше Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауының қорытынды нәтижесін жариялады.