Құрылтай депутаттары 8 комитеттің басшыларын сайлап алды. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Конституция бойынша Құрылтайда сегізден артық комитет құруға болмайды. Осыған сәйкес, барлық сегіз комитеттің төрағалары мен мүшелері анықталды.
Комитет басшылары
- 01**Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитетінің төрағасы** – Серік Егізбаев
- 02**Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің басшысы** – Үнзила Шапақ
- 03**Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы** – Марат Қожаев
- 04**Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитетінің төрағасы** – Әмірбек Оспанбеков
- 05**Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің басшысы** – Асхат Аймағамбетов
- 06**Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы** – Ольга Перепечина
- 07**Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетінің басшысы** – Дархан Ахмедиев
- 08**Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитетінің төрағасы** – Наталья Годунова
Қалған депутаттар осы комитеттерге мүше болып кірді. Комитет мүшелерінің толық тізімін тиісті құжаттардан көруге болады.
Құрылтай төрағасы сайланды
Бүгін "Әділет" партиясының төрағасы Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды. Оның ұсынысымен төрағаның үш орынбасары да тағайындалды.
