Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауының қорытынды нәтижесін жариялады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Сайлаудың қорытынды нәтижесі бойынша дауыстар келесідей бөлінді:
- 01«Әділет» партиясы – 71,17%
- 02«ЖСДП» партиясы – 5,11%
- 03«Байтақ» жасылдар партиясы – 1,07%
- 04Қазақстан Халық партиясы – 3,11%
- 05«Ауыл» партиясы – 6,26%
- 06«Ақ жол» партиясы – 5,21%
- 07«Respublica» партиясы – 5,56%
- 08«Бәріне қарсымын» – 2,51%
Заң бойынша Құрылтайға 5 проценттік межеден асқан партиялар ғана өтеді. Осылайша, бір палаталы парламентке 5 партияның өкілдері депутат болады.
