Орталық сайлау комиссиясы алдағы Құрылтай сайлауына байланысты алғашқы отырысты өткізді. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Отырыста комиссия мүшелері сайлауды өткізу жоспарын бекітті. Жоспарға сәйкес, 2 шілде мен 13 шілде күндері партиялық тізімдерді ұсыну жүргізіледі. 23 шілде сағат 18:00-ге дейін партиялық тізімдерді тіркеу аяқталады. 23 шілде сағат 18:01-ден бастап 22 тамыздағы сағат 00:00-ге дейін сайлауалды үгіт-насихат жүргізіледі. 22 тамызда тыныштық күні, ал 23 тамызда дауыс беру өтеді.

Сондай-ақ, 11 шілдеден бастап аумақтық сайлау комиссияларының құрамдары мен орналасқан жері жарияланады. 7 тамыздан бастап сайлаушылар өздерінің тізімде бар-жоғын тексере алады.

Айта кетері, бүгін президент Құрылтай сайлауын өткізу туралы жарлыққа қол қойды.