Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Дауыс саны бойынша бес пайыздық шектен асқан 5 партия Жаңа Құрылтайға өтіп отыр. Олар "Әділет", "ЖСДП", "Ауыл", "Ақ жол" және "Respublica" партиялары.

Жалпы, 7 партиядан 545 кандидат ұсынылып отыр. Ал Құрылтайда 145 депутаттық мандат болады.

Әрбір партия жинаған дауыстың көлеміне қарай депутаттық орынды алады.