Қазақстанда Құрылтай сайлауында дауыс беру аяқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Сайлау учаскелерінде бюллетеньдерді санау басталды. Уақыт айырмашылығына байланысты шетелдегі сайлау учаскелерінде дауыс беру жалғасып жатыр.

Сағат 19:00-дегі жағдай бойынша 61 мемлекетте құрылған 79 сайлау учаскесінің барлығы жұмысын бастады.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, сағат 00:00-ге дейін 74 учаске өз жұмысын аяқтайды. Шетелдегі дауыс беру үдерісі 24 тамыз күні Астана уақытымен сағат 08:00-де АҚШ-тың Сан-Франциско қаласындағы ҚР Бас консулдығы жанындағы сайлау учаскесінде аяқталады.

Шетелде тіркелген 11 402 сайлаушының 6 007-сі дауыс беріп үлгерді.

Орталық сайлау комиссиясы Қазақстандағы сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы қорытынды мәліметті сағат 20:30-да жариялайды.