Орталық сайлау комиссиясы сайлауға қатысқан адамдардың санына қатысты алдын ала есепті жариялады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Құрылтай сайлауына барлығы 9 351 539 адам қатысқан. Бұл - тізімге енгізілген азаматтардың 74,08 проценті. Сайлаушылар тізімінде жалпы 12 605 788 адам болған.

Сайлау кезінде белсенді өңірлердің қатарына Түркістан, Ақтөбе, Жамбыл, Абай мен Ақмола облыстары енген. Ал ең төмен көрсеткіш - Алматыда.