Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауына бөлінген қаржының көлемін жариялады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Қазақстан басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Алдағы сайлауға үкімет резервінен 34,3 млрд теңге бөлініп отыр. Комиссия мүшесі Михаил Бортниктің айтуынша, осы ақшаның басым бөлігі – 70 пайызы – сайлау комиссияларында жұмыс істейтін адамдардың еңбекақысына жұмсалады.

«Ал комиссия мүшелерінің жалпы саны 70 мың адамнан асады», – деді Бортник.

Қалған ақша жаңа 48 сайлау учаскелерін ашуға, полиграфиялық жұмыстарға, соның ішінде бюллетеньдерді басып шығаруға, сондай-ақ ақпараттық плакаттарға жұмсалады.