Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай сайлауында осы уақытқа дейін дауыс берген адамдардың санын жариялады. Бұл туралы Qazaqyia.kz порталы Sputnik Kazakhstan басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша республика бойынша 2 264 411 адам дауыс берді. Бұл барлық сайлаушының 17,96 пайызын құрайды.
Өңірлер бойынша дауыс беру көрсеткіші
- 01Астана қаласы бойынша – 17,01%.
- 02Абай облысы бойынша – 17,35%.
- 03Ақмола облысы бойынша – 18,91%.
- 04Ақтөбе облысы бойынша – 20,28%.
- 05Алматы облысы бойынша – 17,19%.
- 06Атырау облысы бойынша – 18,75%.
- 07Батыс Қазақстан облысы бойынша – 17,97%.
- 08Жамбыл облысы бойынша – 18,25%.
- 09Жетісу облысы бойынша – 20,87%.
- 10Қарағанды облысы бойынша – 21,06%.
- 11Қостанай облысы бойынша – 17,92%.
- 12Қызылорда облысы бойынша – 22,91%.
- 13Маңғыстау облысы бойынша – 16,92%.
- 14Павлодар облысы бойынша – 15,98%.
- 15Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 17,52%.
- 16Түркістан облысы бойынша – 20,39%.
- 17Ұлытау облысы бойынша – 19,41%.
- 18Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 19,93%.
- 19Алматы қаласы бойынша – 9,96%.
- 20Шымкент қаласы бойынша – 20,39%.
Құрылтай сайлауында дауыс бере алатын қазақстандықтардың жалпы саны - 12 605 788 адам.
Айта кетері, бүгін таңғы сағат 7.00-де республика бойынша 10 363 сайлау учаскесі ашылған болатын.
